«Кейбір нысандар істей береді». №16 қаулыға өзгерістер енгізілді
![](/kz/uploads/posts/iblock/6c9/6c9225cdf10d04219df99255d000ba60.jpg)
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өзгертулерге сәйкес бірқатар нысандардың күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызметін жалғастыруына рұқсат берілді. Мәселен:
- ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы, жеткізу қызметімен және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету;
- үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
- ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы;
- уақыт бойынша 9.00-ден 17.00-ге дейін шектеумен және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру;
- уақыт бойынша 9.00-ден 17.00-ге дейін шектеумен және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру;
- шектеулі жұмыс режимімен екінші деңгейлі банктерде 9.00-ден 17.00-ге дейін;
- баспаханалар.
Өзгертілген қаулының толық мәтінімен таныс болуы үшін сілтемеге өтіңіз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/48039?lang=kk