KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, З
511.18 530.6 5.28

ШҚО-ның бас санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды

14.07.2020, 08:23 108

Шығыс қазақстан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәлірек айтсақ, 3 шілде күні шыққан қаулыға өзгерістер енгізілді. Жаңа құжатқа сәйкес, Қазпошта бөлімшелері мен банктер енді 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді, бірақ даладағы қоғамдық тамақтандыру және 30 орындық нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Даладағы құрылыс жұмыстары жалғасады. Үздіксіз өндірістік циклі бар кәсіпорындар, ауылшаруашылығы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы саласындағы нысандар, халыққа қызмет көрсету салалары (автожуу, автомобильдерді жөндеу), сондай-ақ автобөлшектер мен ауыл шаруашылығы техникасын сату нысандары және баспаханалар қызметін жалғастыратын болды.
Жұмыс істейтін нысандар санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген талаптарын сақтауға міндетті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу