KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Өскеменде көгалдандыру бағдарламасы қолға алынды

2.07.2020, 09:35 50

Өскеменде көгалдандыру бағдарламасының көпжылдық жоспары жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы шаһар басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, бұған дейін Өскеменде ағаш отырғызу қысқа мерзімді бағдарламалардың аясында ортақ жүйеліліксіз жүзеге асырылып кел Бірқатар аудандарға мүлде отырғызылмай қалған. Кәсіби емес күтім көшеттердің өміршеңдегін төмендеткен. Ал дендрологиялық жоспар жағдайды түбегейлі өзгертеді деп күтілуде.

- Жоспарды құрудың алғашқы кезеңі ретінде барлық ағаштар түгенделеді. Біз бұл бағытта жұмыстарды бастап кеттік. Осы тұста кейбір ағаштарда пайда болған белгілер туралы айта кеткен жөн. Адамдар ағаштардың көбін кесуге тура келеді деп уайымдайды. Мамық түзетін теректер ғана белгіленген. Теректердің бұл түрлерін маусым айында анықтай алдық, сондықтан алдағы уақытта мәліметтер базасына енгізу үшін ағаштарға белгі қойылды. Уақыт өте келе мамық түзетін теректерді кесу мәселесі қарастырылуда. Бірақ бұл көгалдандыру бағдарламасы құрылып, олардың орнын алмастыратын көшеттер отырғызылғаннан кейін ғана мүмкін болады, - дейді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу