Шәкәрім даңғылы тамыздың соңына дейін жабық болады – Өскемен
Жөндеу жұмыстарына байланысты Шәкәрім даңғылының бір бөлігі тамыз айының соңына дейін жабық болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нақтылап айтсақ, жолдың Абай даңғылына (бұрынғы бірінші қалалық аурухананың тұсы) Красин көшесіне дейінгі учаскесі 31 тамызға дейін жабық болады. Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш учаскеде автокөліктердің қозғалысы бір қарсы қозғалыс жолағымен жүзеге асырылады (сызбада жасыл түспен белгіленген).
Оқи отырыңыз