KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі екі есеге артып отыр

Фото: ЖИ

Бүгін, 14:49 29 Жанаргүл Мұқатай

Ағымдағы  жылы елімізде бірінші рет отандық өндірістің минералды тыңайтқыштарын сатып алуға аванс беру жүйесі енгізілген. Яғни, тыңайтқыш құнының 60% субсидия ретінде өндіруші отандық зауыттарға тікелей аударылып, нәтижесінде шаруалар тыңайтқыш құнының 40%-ын ғана төлеп тыңайтқыштар алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа жүйе қаржыны тиімді жұмсауға мүмкіндік беріп, екі жақтың да жұмысын жеңілдеткен. Биыл  облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемін екі есеге арттырған. Облыс әкімдігінің отырысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова алдағы уақытта минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемін әлде де ұлғайту қажеттігін атап өтті.  Осы бағдарлама аясында облысымыздың шаруалары 5566,2 тонна минералды тыңайтқыш алып, оларға мемлекеттен 482,5 млн.теңге субсидия төленген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив