KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Глубокое ауданының жас суретшісі халықаралық байқауда топ жарды

23.06.2020, 05:43 69

Глубокое ауданының жас суретшісі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ты – звезда! Летние грезы» атты халықаралық фестиваль-байқау мамыр айында өткен. Әлбетте, қатысушылар қашықтан сынға түсті. Осы байқауда жерлесіміз, бала суретші Елдана да бақ сынаған еді. Жас өнерпаз «Сурет және сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша І дәрежелі лауреат атанды. Оның анасы Гүлмира Ордаханова фестиваль туралы интернет желісінен білген көрінеді.

«Біз облыстық, республикалық, халықаралық байқауларды қалт жібермей қатысуға тырысамыз. Елдана үнемі топ жарып, қуантып келеді. Біздің мақтанышымыз. Баламыз арнайы үйірмелерге қатысып, студияларда өнерін шыңдап жүр. Оның ұстаздарына алғысымыз шексіз», – дейді бала суретшінің анасы.

Өнерімен өңір жұртшылығына танылған Елдана – Глубокое ауданындағы Ыбырай Алтынсарин мектебінің 2 сынып оқушысы.

«Елдана қазір қылқаламмен сурет салып қана қоймай, телефонда мобильді қосымша арқылы анимация жасауды үйреніп жүр. Біз оның талабын шыңдау үшін барлық жағдайды жасаймыз және оның болашақта елге танымал суретші болатынына сенімдіміз», – дейді Гүлмира Ордаханова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив