Шұғыл емдету керек. Баланың ата-анасы халықтан көмек сұрайды
Жарық дүние есігін үлкен сынақпен ашқан кішкентай сәби көптің көмегіне зәру, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мұса Қуанышұлы – өткен жылы Өскемен қаласында өмірге келді. Ана құрсағында алты ай ғана болған бөбек, қазір ауыр сырқатпен арпалыс үстінде. Дәрігерлердің айтуынша, балалардағы церебералды паралич (ДЦП) ауруына шалдыққан.
– Уақытынан ерте туды. Салмағы бар болғаны 1,4 келі еді. Дәрігерлер «дцп» диагнозын қойды. Өскеменде көп жерге барып емдеттік. Массаж, лфк (емдік дене шынықтыру жаттығулары)... Бірақ ешқандай нәтиже болмады. Оның үстіне мамандар тапшы болды. Білетіндер Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Латиф Парпиев есімді білікті реабилитолог маманнан ем алуға кеңес берді. Қазір осы дәрігерге қаралып жатырмыз, – дейді Мұсаның анасы.
Емдік шараларды жалғастыру үшін біршама қаражат қажет. Бөбектің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. «Көп түкірсе көл» деген бар. Қол ұшын беруге дайын жандар болса:
Каспи голд нөмірі
8771 133 7909
Маржан Мұратқызы