KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, С
511.18 530.6 5.28

Қызметтік иттер биыл 200-ге жуық қылмысты ашты - ШҚО

13.06.2020, 12:06 140

Өңірдің кинологиялық қызметінің иттері тергеу-жедел топтарының құрамында тәулік бойы кезекшілікте.

ШҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығында 83 ит бар. Бір апта ішінде төрт аяқты тәртіп сақшылары бес қылмыстың ізін кескен.

Мәселен, 4 маусым күні белгісіз ер адам Семейдегі сауда үйлерінің бірінен 7 мың теңгенің тауарын жымқырып кеткен. Ал Хан есімді ит 49 жастағы қаскөйді ұстады, ол өз қылмысын мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды.

Дәл осы күні Аягөз ауданындағы Ақтоғай стансасындағы үйлердің бірінен жасыл өсімдік тектес, исі бар зат салынған қорап анықталып, тәркіленді.

- Сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат - кептірілген марихуана екен. Салмағы 3,48 грамм. Пәтер иесі 160 Аек көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін немесе осы көлемде түзету жұмыстарына тартылады. Яки 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылып, не 40 тәулікке қамауға алынады, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың бес айы ішінде қызметтік иттер 200-ге жуық осындай қылмысты ашты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу