KZ
Өскемен
-28°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Ұлан ауданында жаңа мешіт. Ауыл тегіс ат салысып жатыр

11.06.2020, 03:54 248

Привольное ауылында мешіт бой көтеріп келеді. Ерлан Уалиев есімді белгілі спортшының бастамасымен былтыр қазан айында мешіттің негізі қаланды.

Қол күресінен облыстың бас жаттықтырушысы, талай дүбірлі додаларда топ жарған, бүгінде өзі де шәкірт тәрбиелеп отырған азаматтың бастамасын көпшілік қолдап мешітте біраз жұмыстар атқарылды.

Мешіт аумағы – 122 шаршы метр. 50 адамға шақталған.

Алла үйі құрылысына ауыл тұрғындары тегіс ат салысып жатыр. Мәселен, жұмысшыларды тамақтандыруды әр отбасы кезекпен өз мойындарына алған.

Құрылыстың басы-қасында жүрген ауыл азаматтарының арқасында, расымен, талай іс тындырылды. Дегенмен, әлі де көптің көмегі керек. Қазірге дейін шамамен 10 миллион теңге игерілді. Мешіт құрылысына тағы сонша қаражат қажет.

«Көптің қолы көкке жетеді» дейді халқымыз. Егер көмек қолын созамын деген азаматтар болса, төменде ақпарат көздері көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу