KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.31 533.96 5.3

Қапшағайда карантин, ал Алакөлде туристік маусымға дайындық қызу

9.06.2020, 03:01 212

Капшағайдың жағасы демалушылар үшін жабық.  Жолдардың бәріне мобильді блок-бекеттер қойылды. Демалушыларға арналған Қапшағай су қоймасын жабу аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешілген. Алматы қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан демалыс аймағының енді қашан ашылатыны да белгісіз.

Ал Алакөлдің шығыс жағалауының туристік маусымға дайындығы 13 маусым – туристер үшін мұнда ерекше күн. Себебі суы - шипа, ауасы - ем Алакөл демалушыларды қабылдай бастайды. Соған сәйкес қазір арбат маңы абаттандырылып, тынығу орындықтары мен гүлзарлар, сахна алаңы мен би кештерін өткізуге арналған үш өлшемді шатыр конструкциялары орнатылып жатыр.

Маусымаралық үзіліс кезеңінде демалыс аумағындағы жолдар жөнделіп, жағажайлар қайта жасалыпты.  

Бұл ретте «Мақаншы коммуналдық шаруашылығы тазалығы» кәсіпорынының маңызы зор. Маусымға дейін көгалдандыру, абаттандыру, жаз бойы дезинфекция және әр түрлі тазалық жұмыстары осы кәсіпорынның мойнында.

- Қазір үлкен деңгейде тазалық жұмыстары атқарылып жатыр. Індетке байланысты сақтық шаралары жіті бақылауға алынып, жұмысшылар жұмылдырылды. Биыл сыртқа көптеген адамдар шыға алмайды. Сол себепті Алакөлде туристер көп болады деген үміттеміз, - «Мақаншы коммуналдық шаруашылығы тазалығы» кәсіпорны директорының орынбасары Думан Елегенов.

Демалыс базалары да туристерді тарту үшін ыңғайлы орындар мен ірілі-ұсақты жөндеу жұмыстарын жүргізіп әлек.

Демалыс базасы иелерінен сұралатыны тек санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталынуы.

-   Келушілердің асханадағы орны түгелі санитарлық нормаға сәйкес келеді. Барлық базамызға 350 адам сыяды. Бірақ вирусқа байланысты оның жартысын толтыруға рұқсат берді. Дегенмен биыл «кісі қарасы азырақ болады екен» деп, дайындық жұмыстарын жүргізбей жатқан жоқпыз. Барынша туристердің жайлылығы үшін қызмет етеміз. Тек демалушылар сақтық шараларын сақтаса дейміз, - дейді «Парус» демалыс базасының әкімшісі Арай Омарбекова.

Айта кетейік, былтыр Алакөлдің шығыс жағына 700 мың қонақ келген. Егер қолға алынған жұмыстар нәтижелі аяқталса, оның үстіне биылғы пандемияға байланысты азаматтардың шетелге шығуына шектеу қойылса, биыл мұнда туристер саны 1,5 миллионға жетпек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу