ЖХЛ-да ойнайтын өскемендік хоккей клбуы жабылатын болды
Жастар хоккей лигасында ойнайтын өскемендік «Алтай» хоккей клубы жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Vksport.kz порталының ақпаратына сүйенсек, клубтың жабылатыны туралы шешім 26 мамырда жаттықтырушылар кеңесінде айтылған. Бірақ 16 наурызда «Торпедо» бас директорының спорт жөніндегі орынбасары Виктор Быстрянцев пен «Алтайдың» сол кездегі бас бапкері Олег Болякин клубтың болашағы туралы басқаша сөйлеген көрінеді болатын. Дей тұрғанмен, команданың таратылатыны туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ.
Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен плей-офф кезеңінде мерзімінен бұрын аяқталған ЖХЛ маусымында Өскеменнің «Алтайы» Шығыс конференциясында 17 команданың ішінен 13-орынға ие болды.
Енді Жастар хоккей лигасында Қазақстандық бір ғана клуб - астаналық «Барыс» ойнайды.