Өскемен: 22-ші шағын ауданда мектеп салына ма?
Мектеп мәселесі 22-ші шағын аудан тұрғындарын мазалап келеді. деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімімен кездескен ата-аналар «үйге жақын маңда мектеп бой көтерсе» деген өтініш айтқан.
Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп салудың өзіндік талаптары бар екенін түсіндірді.
– Мәселен балалар саны мен халық санына қатысты талап бар. Шағын ауданда 270-ке жуық үй бар және оқушылар саны алпыс қана. Ал мектеп ашу үшін 300-ден астам оқушы болу қажет, – деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тұрғындар кенттің күре жолына асфальт төсеуді сұраған еді. Ал қала әкімдігі республика бюджетінен қаржыландыру мәселесі мақұлданса, жоба келесі жылы жүзеге асатынын хабарлады
.