KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
515.31 533.96 5.3

ЖШС директорын алдап кетті – ШҚО

21.05.2020, 03:46 99

Танымайтын адамға сенемін деп, 51 жастағы ШҚО тұрғыны едәуір сомадағы қаражатынан айырылып қалды. 

Глубокое ауданының полицейлеріне жергілікті ЖШС-ның директоры кеп, шағым түсірген. Оның айтуынша, аса бір танымайтын ер адам дизель отынының талондарын төмен бағамен сатып алуды ұсынған. 150 тоннаға 150 мың теңге сұраудың орнына қаскөй 77 мың теңге сұраған.

Директор ақшаны беруін беріп алып, біраз уақыттардан кейін бармағын тістеп қалды. Осылайша алаяқтық жасады деген күдікпен полицейлер өз ісін мойындаған 30 жастағы семейлік тұрғынды ұстады.

-       Аталған факті негізінде «Алаяқтық» 190-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзіне деген сенімін пайдаланған қаскөйге енді 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін немесе түзет жұмыстарын қоса алғанда мүлкін тәркілеумен екі жылға дейін бас бостандығын шектеуі мүмкін

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу