KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Өскеменде базарлар ашылуы мүмкін

20.05.2020, 04:33 131

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта «шектеу шараларын жеңілдетуге» байланысты қосымша қаулы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сәйкес, карантин тәртібі біртіндеп жұмсартылуда.  Қазір тағы да «қосымша жеңілдік шаралары туралы» жаңа қаулы әзірленуде, – дейді Өскемен қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Михаил Дерябин.

Маманның айтуынша, жаңа қаулыға сәйкес қаладағы базарлар ашылауы мүмкін.

– Санитарлық-дезинфекциялық режим сақталған жағдайда ғана қаладағы нысандар ашылады. Қазір жұмыс істеп тұрған сауда үйлеріне осындай талап қойылған. Сондықтан тұрғындарға масканы үнемі тағып жүруі тиіс. Егер нысандар санитарлық нормалар мен талаптарды бұза жұмыс істесе, біз оларды жабуды талап етеміз, – дейді қаланың бас санитарлық дәрігері.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу