KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

"Вирус жұқтырған адам бар". Абай ауданында батаға жиналған халық

27.04.2020, 04:56 139

Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында батаға жиналған 30 адам карантинге жабылды. Үй иесіне қатысты сот әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша қаулы шығарды – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Облыстағы ақпарат орталығының ақпаратыншы, батаға жиналғандардың ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жергілікті тұрғын да болған.

«Жиналған 30 адам үйлеріне карантинге жабылды. Вирус анықталған адамның үйінің маңайы толық дезинфекцияланды. Адамдарды тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр», – деп жазылған ақпаратта.

Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға, салт-дәстүр және өзге де халық көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруға шақырады. Бұл шектеулер тұрғындардың қауіпсіздігі, вирустың таралмауы үшін қойылғанын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу