KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, З
520.27 537.65 5.24

АҚШ-та бір күнде коронавирустан 1169 адам көз жұмды

3.04.2020, 03:25 113

АҚШ-та бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1169 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, АҚШ-та COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны - 5926 адамға жеткен. Сондай-ақ өткен тәулікте қайғылы рекорд тіркеліп отыр. Осының алдындағы "рекорд" Италияға тиесілі болған: 27 наурызда 969 өлім тіркелді.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 435-ке жетті. 27 адам жазылып шығып, 3 адам (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында) қайтыс болды.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу