KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, З
520.27 537.65 5.24

"Колхозка" тәркіленіп, медицина мекемелеріне беріліп жатыр - Өскемен

2.04.2020, 05:39 74

Өскемендегі "әйгілі" "колхозкалар" тәкіленіп, медицина мекемелеріне беріліп жатыр.

Қаладағы Колхозный көшесінде бұрыннан спирт пен арақ сатылады. Арақты қала тұрғындары "колхозка" атап кеткен. Қазіргі індет жайылған уақытта тұрғындар "колхозканы" дезинфекция жасауға антисептик орынына пайдалануға болатынын айтады.

Қалалықтардың айтуынша, бұрын бір литрі 1 000 теңгеден сатылған спирттің бағасы қазір 1 500 теңге болған.

- Бұған дейін тәркіленген 9 237 бөтелке арақ, 1 599 литр спиртті сусын облыс пен қаланың медициналық мекемелеріне берілді. Олардан енді антисептиктер дайындалады, - делінген ШҚО экономика департаментінің ақпаратында.

Бұдан кейін Колхозныйдағы "колхозкалар" тұрғындарға сатыла ма, жоқ па - ол жағы әлі белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу