KZ
Өскемен
+9°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Тағы бір адамның жағдайы ауыр

27.03.2020, 06:45 209

Қазіргі кезде Алматыдағы бір науқастың жағдайы ауыр. Ол өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы шаһарда өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Алматыда 48 жағдай тіркелді. Қазіргі кезде стационарларда 47 емделуіші бар. 1 адам жазылды. Ол ауруханадан кеше шығарылды. Енді 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Қазіргі кезде бір науқастың жағдайы ауыр. Ол өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы бір бала орташа ауырлық күйінде. Өзгелерінің жағдайы қанағаттанарлық», – деді басқарма басшысы.

27 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша 471 адам карантинде. Ал 2037 адам үй жағдайында бақылауға алынды. Соңғы өзгерістерге сәйкес мегаполиске шетелден келген азаматтар екі күнге оқшауланып, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған сынамалар алынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив