Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына арналған шара өтті
Пригород жалпы білім беретін орта мектепте Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына арналған «Ауғанстан – жүректегі жазылмас жара» атты шара өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш шара «Қара майор» батальонының командирі, подполковник Борис Керимбаевқа арналды.
Әскери-патриоттық кешке қала тұрғындары мен меймандары және оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Шараның өтуіне Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бекболат Сәрсенбин мұрындық болған. Арнайы концерттік бағдарлама әзірленіп, «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары ардагерлерге гүл шоқтарын сыйлады.
Оқи отырыңыз