"Шығыс – адалдық алаңы" кеңсесінде Киевская көшесі тұрғындарының мәселесі қаралды
"Шығыс – адалдық алаңы" облыстық жобалау кеңсесінде Киевская көшесі тұрғындарының мәселесі қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындардың сөзіне сенсек, ол жерге жеке кәсіпкер екі бірдей жоралғы залын салып жатқан көрінеді. Тіпті осы залдарда күніне екі рет қоштасу рәсімін өткізуге ниетті екен. Бұл туралы кәсіпкердің өзі тележурналистерге айтқан.
- Оның құжаттары тек салттық қызмет көрсету дүкеніне ресімделген. Ең алдымен бұл мәселенің ақ-қарасын ажыратып алу керек, - дейді жобалық кеңсенің басшысы Елена Березинская.
Алайда тұрғындар осы уақытқа дейін көршілес кәсіпкердің не салып жатқанын білмей келген. Білген күні арада осындай дау туындаған. Жеке сектордың тұрғындары күнде жерлеу рәсімі мен адамдардың көз жасын көргіміз келмейді деп отыр.
- Бұл мәселе дер кезінде атқарушы билік органдарының құлағына жетті. Енді рұқсатқа қол қойған қала әкімдігінің басшылығы кәсіпкермен жеке кездесіп, осы мәселені шешетін болады, - дейді жобалық кеңсенің басшысы Елена Березинская.