Кез-келген мәселе осы жерден шешіледі. Қала әкімдігінде фронт-офис ашылды
Фронт-офистің басты ерекшелігі – уақытқа үнемділігінде. Екіншіден белгілі бір мекеме мен тұтынушының арасына алтынкөпір бола алады. Аталған екі бірдей ерекшелікке «Ашық әкімдікте» көзіміз жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Ашық әкімдік» – атты фронт-офис «Шығыс адалдық алаңы» жобасының аясында Өскемен қаласы әкімдігінің жанынан ашылды. Бұл жерге тұрғындар кез-келген мәселе бойынша жүгіне алады. Айталық фронт-офисте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бар. Енді бір анықтама алу үшін бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бастапқыда айтып өткеніміздей, қала тұрғындары қыруар уақытын үнемдейді. Екіншіден, фронт-офисте тұрғынның кез-келген мәселесі уақыт оздырмай шешілуі тиіс. Бұны қала әкімдігі тікелей қадағалап отырады. Тіпті қажет болған жағдайда фронт-офистен шығып, бір атап әкімдікке кіріп, қала әкмінің алдына баруға мүмкіндік бар. Яғни, кеңсе қызметкерлері атап өткендей, халықтың мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімі нығая түседі.
«Фронт-офиске тұрғындар ең көп арыз-шағым түсіретін үш бөлім орналасты. Енді бұл жерде қала тұрғындарының кез-келген мәселесі бір күнде немесе қысқа мерзімде шешілуі тиіс, – дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.