KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
515.18 570.66 6.06

Қанат Ислам WBC рейтингісінде жоғары көтерілді

19.08.2020, 04:23 375

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингтің тізімін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Vesti.kz деректеріне сүйенсек, Польшалық боксшы Камиль Соколовскиді жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцский рейтингке қосылып, 39-орынға жайғасыпты. 

Екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 14-орыннан, 13-орынға көтерілген. Ал WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерінің иегері Айбдос Ербосынұлы болса 24-сатыдан 15-сатыға бірақ көтерілген.  

WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орында қалса, осы салмақта сынға түсетін USNBC белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов 19-орыннан 20-орынға төмен түскен. 

Бірінші орта салмақта сынға түсетін Қанат Ислам мен Садриддин Ахметов бір саты көтерілген. Ислам 23-орынға, Ахметов-26 орынға жайғасыпты. 

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов 33-орыннан 29-орынға жоғарылапты. 

Батыр Жүкембаев болса жартылай орта салмақты рейтингінде оныншы орнын сақтап тұр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу