KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

№1 қалалық емхананың әжетханасы неге жабық тұр?

15.01.2020, 10:37 174

Иә, облыстық арнайы мамандандырылған медициналық орталықтағы әжетхана жабық жатыр. Ол ол ма мұндағы ұзын-сонар кезектің өзі бір төбе әңгіме. Себебі емханада, бір ғана касса жұмыс істеп тұр, оның өзі ақылы, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.


Бейнежазбаға назар аударсақ, сән үшін қойылған кассаларды және сол баяғы кезекте сағаттап тұратын өскемендіктерді байқайсыз. Мәселенің мән-жайын білу үшін бас дәрігерге хабарласқан едік, алайда орнында жоқ болып шықты. Жарайды, ал әжетхана ше? Не себепті жабық тұр? Иә, біріне-бірі сілтеген мамандар ақыры инженер-техниктердің нөмірін берді.

- Шәкәрім даңғылы бойында су құбыры жарылды деген себеппен бүгін емханада суық су беру уақытша тоқтатылды. Сол себепті әжетханалар жабық тұр. Судың қашан берілетіні белгісіз, - дейді энергетик Андрей Мурашев.

Әжетханасы жұмыс істемейтін және бір ғана ақылы кассасы бар №1 қалалық емханаға осыдан кейін қалай барасың?

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив