15 қаңтарда ауа райы қалай болады?
«Қазгидромет» мамандары 15 қаңтарда ауа райы қалай болатынын болжап көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің сөзіне сенсек, Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Аймақта ауа температурасы қалыпты деңгейден жоғарылайды. Айталық күндіз бар болғаны -4 градус, түнде -6 градус.