Өскеменде көкөністердің бағасы аспандап тұр
Өскеменде көкөністердің бағасы аспандап тұр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасай отырып.
Иә, Жаңа жылды мерекелеуге аз ғана уақыт қалды. Көпшілік асыға күткен мерекеде өскемендіктердің қалтасы қағылайын деп тұр. Бұлай деуімізге соңғы бір-екі аптада бағасы шарықтап кеткен көкөністер мен жеміс-жидектер айғақ. Тіпті көкөністің бағасы жеміс-жидектерден қымбат. Мәселен, «Дина» базарында бір келі қиярдың бағасы 800 теңгеден басталып, 1200 теңгеге дейін, ал қызанақтың бір келісі 900-1500 теңге аралығында. Согра қиярының бағасы басқа жақтан әкелінетін қиярлардан қымбат. Иә, Жаңа жылдық дастарханның дәмі мен сәні болатын көкөністердің бағасы көңілді су сепкендей басқаны рас.
- Қызанақ пен қиярды Ташкент пен Қытайдан әкелеміз. Ол жақтағы баға өскеннен кейін бізде де баға көтерілді, - дейді базар әкімшілігі.