KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Алматы маңындағы ұшақ апатында ауыр жараланғандарға қан керек

27.12.2019, 05:28 159

Алматылықтарды  ұшақ апатында ауыр жараланған жолаушыларға қан тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек.

Бұл туралы Президенттің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет!, - деп жазды Аружан Саин.

Алматы қаласы бойынша қан құю орталығының мекенжайы: Бұқар жырау 47, тел: 274-31-99

Алматы облысы бойынша қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең, ст. Абылай хан, 42. Телефон: +7 (72771) 2 28 04.

Гепатитпен, бруцеллезбен, мерез, жүрек аурулары, бронх демікпесімен ауыратындар, есірткі қабылдайтындар, АҚТҚ жұқтырған, созылмалы алкоголизммен ауыратындар донор бола алмайтыны туралы ескертіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу