ШҚО-да 20 тонна шемішке ұрлағандар ұсталды
ШҚО полицейлері 20 тонна күнбағыс тұқымын ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Ақпаратқа сүйенсек, Шемонаиха ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің басшысы қоймасынан 20 тонна күнбағыс тұқымы ұрланғанын айтып шағымданған.
«25 және 27 жастағы қаскүнемдер аталмыш серіктестіктің өзінің жұмысшылары екені анықталды», – делінген департамент ақпаратында.
Қазіргі уақытта күнбағыс тұқымы жарым-жартылай ғана қайтарылған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.
Оқи отырыңыз