KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 9 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Алты сағатта түсірілген сурет

19.12.2019, 10:58 112

Бұл тың туынды 1948 жылы түсірілген. Дәл осы тұста қазіргі фотошоп, цифрлық технология дейтіндер адамзаттың түсіне кіріп те шықпайтын. Суретке «Дали мен мысықтар» деген атау беріліпті. Алайда оның шын мәніндегі атауы «Dali Atomicus».

Суретті фотографиядағы суррелизмнің атасы Филлип Халсмон түсірген. Ол Далимен 30 жыл таныс және достық қатынастары өте берік болған. Қазіргі дамыған заманда бес минутты ғана талап ететін фотошоп болса, ол заманда мұндай ерекше кадрды жасау үшін біршама еңбек пен қиял талап етілетін еді. Бұлай айтуымыздың өз себебі бар, өйткені дәл осы бір сәтті кадрды жасау үшін 6 сағаттан аса уақыт кеткен. Мольберт пен картина бөлменің төбесіне ілінген. Алдыңғы пландағы орындықты фотографтың әйелі ұстап тұрған. Одан бөлек екі ассистент мысықтарды лақтырып, су шашып тұрған, және дәл осылай 28 рет қайталап жасаған. Әр кадрдан соң, Филипп Халсман пленканы тексеріп, түсірілген суретке қарап, келесі кадрды жасауға кіріскен. Бір, екі, үш су шашылып, мысықтарды лақтырады, төрт дегенде Дали секіреді. Кейде Дали жай секіріп қалып жатты. Кейде су дұрыс шашылмады, енді бірде мысықтар кадрге кірмей қалды, осылайша 6 сағат бойы шашылған суды құрғатып, тынымсыз еңбек пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында сурет дайын болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив