KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Ұстаздар үйінде қандай орталықтар бар? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11.12.2019, 08:24 118

Бүгін Өскеменде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Ұстаздар үйі" ашылды. Орталықта жыл сайын 5000-ға жуық мұғалім біліктілігін арттыратын болады, деп хабарлайды «Алтайньюс» тілшісі.

«Ұстаздар үйі» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіндегі педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа моделін құру тапсырмасын орындау мақсатында ашылып отырғанын естеріңізге сала кетейік.
Ғимарат заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын орталықта «Maker Space», «М.Монтессори», «Бейнестудия», «Ақпараттық-әдістемелік орталық» және институт музейі бар.

- Бүгін облыстың мұғалімдер қауымы үшін өте қуанышты күн. Себебі көптен күткен орталықтың ашылу салтанаты өтіп жатыр. «Өрлеумен» бірге педагогиканың шыңын бағындырамыз деген сенімдеміз, - дейді Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің директоры міндетін атқарушы Нұржамал Садықова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу