KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
522.63 548.66 5.07

"Алтай" стадионына келіп коньки тебе беруге болады. Кіру тегін

15.12.2019, 08:49 248

Бүгін Өскемендегі «Алтай» мұз айдыны салтанатты түрде ашылды. Қала әкімі Жақсылық Омар сырғанаққа келген шаһар тұрғындарына жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биылғы сырғанаққа су жаңа 300 жұп коньки сатып алынғанын бұған дейін айтқан болатынбыз. 

- Келушілерге ыстық шай ұсынатын буфет жұмыс істейді. 300 жұп жаңа коньки сатып алдық. Коньки тебу бағасы өзгерген жоқ, сол баяғы 500 теңге, – дейді «Алтайдың» директоры Ербол Қоңыратов.

Мұз айдыны апта бойы таңертеңгі 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады. Тек дүйсенбі күні 13.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айтпақшы, өз конькиіңізбен келсеңіз, кіру тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу