Қақаған аязда аман қалған бірқазандар қазір қайда?
Қақаған аяздан аман қалған бірқазандар Семейдегі биоцентрде жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып.
Естеріңізде болса, біз осыған дейін Бородулиха ауданы Андроновка ауылының тұрғыны үсіп шалған екі құсты тауып, оларды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Бірқазандар Алматы табиғи қорығына жөнелтілуі тиіс болатын, бірақ әлі Шығыста жүр. Биоорталық қызметкерлерінің айтуынша, құстар екі апта бойы сонда.
- Бірқазандар бізге келіп түскенде өте әлсіз әрі жараланған болатын. Қазір жағдайлары жақсы. Алайда олар бізде ұзақ тұрақтай алмайды. Себебі бір құсқа күніне 2-2,5 келі балық қажет. Осыған байланысты біз ҚТЖ-ға құстарды Алматыға дейін жеткізіп берулерін өтініп хат жолдаған едік. Енді жауабын күтіп жүрміз, - дедйң орталықтың мамандары.