KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Аспаннан үш күн "аю" жауады – Өскемен

11.12.2019, 04:25 196

Спорт сарайында «Торпедо» хоккей клубының ойындарынан кейін ойыншықтар жауады деп күтілуде. Аспаннан десе де, трибунадан десе де болады.

Айта кетейік, клуб ойыншылары желтоқсан айының соңында жаңа жылды емханада қарсы алатын балаларды құттықтайды. Сонда ойыннан кейін мұз айдынға жанкүйерлер лақтырған ойыншықтарды ала бармақ. Бұл акция клубтың жанкүйерлеріне үш жылдан бері белгілі.

– Өкінішке қарай, кейбір бала жаңа жылды Ана мен бала орталығында қарсы алуға мәжбүр. Олардың әке-шешелері сол сәтте жанында болмауы да мүмкін. Сол себепті «Торпедо» ойыншылары оларды мереке күнінде жалғызсыратпауға тырысады. Жанкүйерлердің атынан әдемі, жұмсақ «аю», «қояндарды» ала баруды құп көріп отыр, – деп түсіндірді «Қазцинк» кәсіпорынының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

 «Торпедо» хоккей клубының осы жылды қорытындылайтын ойындары 21, 23, 25 желтоқсанда болады. Аталмыш акция осы ойындардан кейін ұйымдастырылады. Ойынның соңғы ысқырығы естілгенде көрермен қауым мұз айдынға жұмсақ ойыншықтар лақтырады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив