KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Бүгін Жарма ауданы тіл жанашыры Нұролла Өзбековті еске алды

5.12.2019, 12:06 171

Бүгін  Жарма ауданы Нұролла Өзбековті еске алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нұролла Өзбеков - Жарма ауданының құрметті азаматы. 90-шы жылдары «Қазақ тілі» ұйымын басқарып, тіл дамуына үлес қосқан қоғам қайраткері. Осыған байланысты, Жарма ауданы «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты еске алу кешін өткізді.

Шара барысында тіл жанашыры Нұролла Өзбекұлы туралы естеліктер айтылды. Мектеп оқушылары арасында өткізілген шығармашылық байқаудың жеңімпаздарына Нұролла Өзбекұлының ұл-қыздары қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу