KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

2020 жылдың символы болатын құс таңдалды

5.12.2019, 04:49 239

2020 жылдың нышаны болатын құс – Ителгі. Мұны Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесіп таңдады.

Жыл құсын таңдау кезінде ителгімен қатар тазқара мен қоқиқаз да ұсынылған.

«Ителгі жыртқыш құстар тобына жатады. Ол солтүстіктегі далалы жерден бөлек, Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Көбіне Маңғыстау, Үстірт және Сарыарқаның жатаған тауларын мекендейді. Алтай, Хантәңірі тауларының бөктерін қыстайды. Ителгі 90-жылдары браконьерлердің араб елдеріне сатуы салдарынан сиреп кетті. Арабтар ителгінің саятшылыққа ұстайды. Сарапшылардың анықтауын, қазір елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады», – делінген қауымдастық сайтында.

«Жыл құсын таңдаудағы мақсат – халықтың назарын құстарға аудару, табиғатты қорғауға үндеу шараларын өткізу».

Айта кетейік, биылғы жылдың (2019) символы – дуадақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу