KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Ұлан ауданының прокуроры тұрғындармен кездесті

5.12.2019, 04:13 82

Ұлан ауданының прокуроры Ерлан Бұланбаев жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралап шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Прокурор ауыл тұрғындарына қылмыспен күресу және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілетін шаралармен таныстырып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар тарапынан прокурорға қойылған сауалдардың көпшілігі аудандағы мал ұрлығы, алимент төлеу бойынша сот шешімін орындамау, жер бойынша мәселелерге қатысты болды.

Ұлан ауданында мал ұрлау қылмысы жиілеп кеткені белгілі. Оған ауылдардың тас жолдың бойына жақын орналасқаны, малдың қараусыз жайылуы себеп болып отыр. Сондай-ақ, бұл себептер жол апаттарына да жиі әкеледі.

Ерлан Бұланбаев жергілікті әкімдер мен тұрпғындарға малды бірлесіп жайылымға шығару туралы ұсыныс айтты. Прокурордың айтуынша, қараусыз қалған мал иелереніе айыппұл салынуы мүмкін.

Ерлан Бұланбаевтың инстаграм әлеуметтік желісінде ulan_prokurory деп аталатын жеке парақшасы бар екенін айта кеткен жөн. Ол жерде прокурорға сауал жолдауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу