ШҚО-да қар көшкіндерінің алдын алуға дайындық жүруде
ШҚО аумағында көшкін қауіпінің 497 ошағы бар. Қазір бұл орындарда ескерту белгілері қойылып, қардан қорғайтын қалқандар жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
«Қазселденқорғау» ММ-нің облыстық филиалы 24 бағыт бойынша күнделікті тексеру жүргізіп, таулардағы қар қабатының қозғалысын бақылайды.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, өткен жылы қар қалың жауып қалғандықтан көшкін түсіру жұмыстары 22 қарашада басталған болатын. Қазір таудағы қардың қалыңдығы 25-50 сантиметр екен. Қар көшкіні қауіпі әзірге жоқ.