Көпбалалы отбасыларға сый-сияпат жасалды
Бүгін Алтай ауданына жұмыс сапарымен атбасын бұрған өңір басшысы Даниал Ахметов азқамтылған және көпбалалы отбасыларды аралап, сый-сияпат жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар аясында аймақ басшысы азқамтылған және көпбалалы қос отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, оларға тұрмыстық техникалар тарту етті.
- Біз сияқты отбасылардың жағдайына көңіл бөліп жатқан сізге және аудан әкіміне алғысымыз шексіз, - деді төрт баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Ирина Надырова.
Сондай-ақ бүгін үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Миршат Шакенованың да отбасында қуанышты күн болды. Өңір басшысы бұл отбасына да бас сұғып плазмалық теледидар мен жеміс себетін сыйға тартты.