KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі ең үлкен гипермаркет «ADK River» желтоқсанның ортасында ашылады

25.11.2019, 03:53 132

Өскеменде салынып жатқан ең үлкен гипермаркет «ADK River» желтоқсан айында ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл ғимарат үш қабатты және жер асты-көлік тұрағы бар. Бірінші қабаттың 4 мың шаршы метр аумағына «A-Store» атты азық-түлік дүкені орналасады. Сонымен қатар бірнеше киім-кешек дүкендері, «Sulpak» және шағын бутиктер болады.

Екінші қабатты да киім-кешек және косметика дүкендері мен «New Yorker» және түрік брендтері толтырады.

Үшінші қабат – нағыз ойын-сауықтың орталығына айналуы мүмкін. Сегіз кинотеатр залы, балалардың ойын алаңқайы, бала ғалымдардың жеке ойын алаңы және ерекше хайуанаттар бағы болады деп жоспарлануда. «KFC», «Burger Club», «Burger King», «Регистан», «DoDo пицца» дәмханалары да осы қабаттан табылады.

Гипермаркетті желтоқсан айының ортасында ашу жоспарда бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив