KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ШҚО автокөлік жүргізушісі атты адамды қағып кетті

23.11.2019, 05:56 85

Шығыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушісі атты адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының бойында, Жарма ауданына қарайтын Бірлік ауылының тұсында сағат 21.30 шамасында болған. 

«ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Honda Odissey» маркалы автокөлікті тізгіндеген 1974 жылғы жүргізушісі Семей қаласынан шығып, Қалбатау ауылына беттеп келе жатқан. Бірлік ауылының тұсында салт атты тақап келіп қалған көлікке қарамастан, жолды кесіп өтпек болған көрінеді. Көлікті тежеп үлгермеген жүргізуші 1977 жылғы азаматты қағып, жазым етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу