KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 60 жастағы мал ұрлаушы ұсталды

17.11.2019, 09:27 157

ШҚО-да 60 жастағы ер адам мал ұрлап ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлім етті.

Күдікті Глубокое, Шемонайха және Алтай аудандарында ұрлық жасаған. Күдікті осыған дейін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылыпты. Келтірілген залал мөлшері 1,2 миллион теңгеден асқан.

Айта кететін жайт, биыл мал ұрлығы бойынша 169, мал жоғалту бойынша 179 факті тіркелген. Соңғы ай ішінде ШҚО аумағында 119 мал ұрлаушы, оның ішінде алты қылмыстық топ ұсталды.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің ақпаратына сенсек, елімізде мал ұрлығының 70%-ы жайылымда жасалады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив