KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да соңғы он айда мал ұрлаған 119 адам ұсталды

15.11.2019, 08:47 95

Өскеменде бүгінгі таңда жиілеп кеткен мал ұрлығына қатысты мәселе талқыланды. Полиция, ветеринария және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында бұл қылмысқа қарсы күресуге бағытталған шаралар мен мәселенің себеп-салдары айтылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

ШҚО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Қалетаевтың мәлімдеуінше, көп жағдайда мал ұрлығына қожайындардың өзі кінәлі Мал асырайтындарды көпшілігі малға таңба басудан, бирка тағудан, оларды есепке алудан бас тартады екен.

Қазіргі таңда облыс аумағында 3 миллионнан астам ауыл шаруашылығы малы тіркелген. Оның ішінде 400 мың бас мал есепке алынбаған. Бақташыларға ақша төлемеу үшін малды жайылымға қараусыз жібереді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл  мал ұрлығы бойынша 169, мал жоғалту бойынша 179 факті тіркелген. Соңғы ай ішінде ШҚО аумағында 119 мал ұрлаушы, оның ішінде алты қылмыстық топ ұсталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив