KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.2019, 11:45 181

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ерекше пара алып ұсталғандар туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – Осы уақытқа дейін түрлі деректер тіркелді. Мысалы пара ретінде балықпен алған. Бұл оқиға ШҚО-да болды. Үржар аудандық полиция бөлімінің басшысы мыс сымдарын ұрлаған қылмыскерді жауапкершілікке тартпай, өтеуіне балық алған. Балықтардың бағасы 50 мың теңгеден болған, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Департамент өкілінің айтуынша, пара ретінде құны 100 мың теңге тұратын гүл қоятын ыдыс алған қызметкер де болған көрінеді.  Сондай-ақ 200 мың теңге тұратын өсімдіктерге тыңайтқыш алған деген де деректер бар. Бұл оқиға 2017 жылы болған екен. Мұндай параны Ақсай ауылдық округінің әкімі жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беруі үшін алыпты.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив