KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, З
499.22 519.14 5.64

«Өскеменде ескерткіш орнатылады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті» - ақынның немересі

14.11.2019, 08:48 156

Бүгін Өскеменде жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Қоладан құйылған еңселі ескерткіш Жамбыл саябағына орнатылыпты. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне аймақ басшысы Даниал Ахметов пен қала әкімі Жақсылық Омар, зиялы қауым өкілдері мен ақынның немерлері қатысты.

- Жыр алыбы Жамбылдың өлеңдері жастарды Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелейді. Ел мүддесін жырлаған ақынның жас буынға қалдырған асыл мұрасын құрметтеу, сыйлау – ол біздің қастерлі міндетіміз, - дейді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Мүсіншілер ескерткішті жасауға екі жыл уақыт жұмсаған екен. Ал қоланы арнайы Беларусь мемлекетінде құйдырыпты.

- Мүсіндік образды іздегенде динамикалық қозғалыс болса екен дедік. Себебі, ақынға қойылған ескерткіштердің көбі бірқалыпта жасалған. Сондай-ақ, мүсіншілер ақынның үнемі өмірінің соңғы жылдарын беруге тырысқан. Сол себепті, біз ақынның 50-60 жасындағы бейнесін шығаруды көздедік, - дейді мүсінші Қазыбек Дулатов.

Ескерткіштің ашылу салтанатына келген ақын немересі Салтанат Жамбылова болса,

- Жамбыл атамыздың ескерткіші республикамыздың көптеген қаласында бар. Бірақ дәл осы Өскеменде ашылады деген ой, үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті. Әрине өте қуаныштымыз, - дейді.

Айтпақшы, облыс бойынша ақын құрметіне аталған бес мектеп, 33 көше, үш елді-мекен бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу