Бір күнде кем дегенде 100 адам жарақаттанады – Өскемен
Өскемендегі травматология пунктіне күн сайын 100-ден астам адам келіп қаралады, деп хабарлайды мамандандырылған медициналық орталық.
– 11 қарашадан бері күніне 100-ден астам келіп қаралады. Қаралушылардың барлығы дерлік жіліншік, шынтақ, тізе және құйымшақтарын жарақаттаған, – дейді аталмыш орталықтың травматология пунктінің маманы.
Айта кетейік, 9 қарашада Өскеменге қар түсіп, күн суытты. Қазір жер көктайғақ.