Алдағы үш тәулікте күн тағы суытады
Қазақстанға қарай Скандинавия елдерінен суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен алдағы үш тәулікте күн суыта түседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазгидромет ақпараты бойынша, 14 қарашаға дейін күн райы біршама жылынып, артынан қайта аязды күндер басталады деп күтілуде.
- Қазақстанға қарай ығысқан суық және күшті антициклон ауа температурасының төмендеп, жауын-шашынның болуына әсер етті. Ізінше Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық бағыттар жылжып келеді, оның әсерінен тағы жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Сондай-ақ, ол ауа температурасының біршама жоғарлауына әкеледі. Скандинавияның солтүстік ауданындарынан суық антициклондар еліміздің батыс және солтүстік облыстарына қарай келеді, - деп көрсетілген Қазгидромет таратқан хабарламада.