Қарашада ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Болжам бойынша, қарашада күн суытады.
Алғашқы онкүндікте батыс аймақта ауа температурасы төмендей бастайды. Екінші окүндікте солтүстік-батысы, солтүстігі, орталық және шығыс жақта күн суытып, температура түнгі уақытта - 5-10, кей жерлерде -13 градусқа дейін төмендейді.
Сынап бағаны күндіз 0-5 суық, кей аймақтарда +5 градусты көрсетеді. Оңтүстікте түнде 0-5, кей жерлерде -10 градусқа дейін аяз түссе, күндіз +3-8 градус жылы болмақ.
Оқи отырыңыз