KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
519.28 540.05 5.31

Нан неге қымбаттады?

1.11.2019, 09:31 119

Жыл басында ғана баға мен тариф негізсіз көтерілмейді, Үкімет тапсырма берді деп жарысып жазып едік. Жыл аяқталмай жатып, облыста басқа тауарларды айтпағанда, нан мен жылу энергиясының құны өсті.

Осылайша, тұрғындар енді жарықты жаңа тарифпен төлеуге мәжбүр. Қымбатшылыққа көндігіп қалған жұрт бұған да қынқ етпеді. Алайда қамба астыққа толған шақта нан бағасының өсуі онсыз да қалтасы жұқарып бара жатқан халыққа бірден сезілген. Осыдан бір ай бұрын ғана Ауыл шаруашылығы министрі биыл бидай аз жиналады, бірақ ол нан бағасына еш әсер етпейді деп елді сендірген болатын. Десе де, министрдің уәдесі сөз жүзінде қалды.

Өңірдегі осы салаға жауапты мамандар мұны бидай бағасының өсуімен түсіндіріп отыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, егер ұн, жанар-жағармай мен астық бағасын реттей алмайтын болсақ, наубайханаларды нан бағасын ұстаңдар деп қинаудың реті жоқ. Наубайханашылар да бизнес субъектілері.

- Неге электр энергиясының тарифі өседі, жанар-жағармай өндірушілер де шығынсыз жұмыс істеу керек, ал наубайханашылар қарызға батуы тиіс? Оның үстіне наубайхананың табысы аталған екі субъектінікінен анағұрлым төмен,-дейді ол.

Биыл елімізде бидай бітік шықпады. Шілденің ыстығында бірқатар егіс алқаптары күйіп кеткен. Құрғақшылықтан Қостанайдың сегіз ауданының алқаптары қатты зардап шекті. Бидайдың өнімділігі орташа есеппен гектарына 4-5 центнерден аспапты. Бұдан бөлек, көптеген егістік жерлерінің топырағы құнарсызданып кеткен. Былтырғымен салыстырғанда астық көлемі 15 пайызға аз шықты. Облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, нан бағасының өсуіне тікелей әсер еткен бірінші фактор осы. Екіншіден, бізде ғана емес, әлемде де астық бағасы өсіп барады. Үшіншіден, қымбатшылық шаруашылық шығындарының артуына әсер етіп отыр.

- Біздің «Продкорпорация» шаруалардан астықты сатып алып, ұн өндіруші кәсіпорындарға бекітілген бағамен сатады. Бүгінгі күні элеваторларда 3825 тонна астық сақтаулы, оның 1300 тоннасы биылғы жиын-теріндікі. Астықты сатып алу жалғасуда. Үшінші класты бидайдың бір тоннасы 70-76 мың теңге, төртінші кластікі - 62-65 мың теңге. Баға тұрақты. Алайда шаруалардың несиелері шаш етектен. Техника, гербицидтер мен тұқым қымбат. Субсидия жеткіліксіз. Осы мәселені шешу үшін тым болмағанда несиелер арзан әрі ұзақ мерзіміге беруілуі тиіс. Бұл ұсынысты жуықта Үкіметке жо

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу