Ең ұзақ әуе рейсін жасаған ұшақ рекорд орнатты
Аустралиялық Qantas әуе компаниясының Boeing 787-9 лайнері Нью-Йорк, Сидней бағыты бойынша ешқайда аялдамай ең ұзақ авиарейс жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Дереккөздің мәлімдеуіне қарағанда, бұл туралы FlightAware деректері дәлелдейді. Ұшу ұзақтығы 19 сағат 14 минут болған. Әуе кемесі 309 000 шақырымда еңсеріп, 37 минутқа кешігіп қонды.
Бұған дейін ең ұзақ әуе рейсі Ньюарктен Сингапурға дейінгі бағыт болған. Оның ұзақтығы 18 сағат 50 минутқа жеткен.