Өскемендегі жылы аялдамалар қашан халық игілігіне жарайды?
Өскемендегі коммуналдық қызметкерлер жылы аялдама павильондарын ретке келтіре бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, жылы павильондардағы теплофондар қараша айында іске қосылады.
– Қараша айынан бастап жылы аялдамалар сағат таңғы 6.00-ден 23.00-ге дейін ашық тұрады. «Өскемен Тәртіп» мекемесінің қызметкерлері павильондардағы температураны ауа райы жағдайына байланысты реттеп отырады, – деді аталмыш бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.
Айтып өткеніміздей, жылы аялдамалар іске қосылмас бұрын павильондарды тазалап, жөндеуден өткізу керек. Соның ішінде әйнектерді қазан айының соңына дейін ауыстыру жоспарланып отыр.