Токио-2020. Қазақстан құрамасының киім үлгісіне байқау жарияланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне ашық конкурс жариялайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы жазба Фейсбуктегі "Токио-2020 Олимпиадасы" тобында жарияланды.
Конкурсқа өтінімдер 2019 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін қабылданады. Келіп түскен барлық жұмыстар Қазақстан ҰОК ресми сайты мен әлеуметті желідегі парақшаларында жарияланады.
Жеңімпазды жанкүйерлер пікірін ескере отырып, арнайы комиссия құрамы анықтайды. Оған Қазақстан ҰОК мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спорт қайраткерлері мен ел намысын қорғап жүрген спортшылар кіреді.
Қазақстан ұлттық құрамасының парадтық және спорттық киім үлгісі бойынша ең жақсы дизайн идеясының авторлары ақшалай сыйлықтарға ие болады.
Конкурс нәтижесі 2019 жылдың 23 қарашасында Olympic.kz сайтына шығады. Байқау шарттары мына жерде